1 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінен орай «Қос қанат»
қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастарған «Қуаныш сыйла балаға» атты мерекелік
іс-шараға қатысты. Ақжолдық депутат балғындарды мерекемен құттықтап, солармен
бірге концерттік бағдарламаны тамашалап, балғындарға балмұздақ таратты.
Аталған қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Балхия Байтулеева қолдау
көрсетуді сұрап, депутаттарға қайырылған екен. «Қайырымдық іс-шарасына «Ақ жол»
партиясынан сайланған екі бірдей депутат демеушілік жасады. Тараз қалалық
мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Дәурен Ахметжаев, қалалық мәслихаттан Қарлығаш Бибазарова көмек көрсетті», -
дейді ол.
Ашық аспан аясында өткен іс-шараға аниматорлар шақырылған екен. Олар
балғындармен бірге қызықты ойындар өткізіп, бүлдіршіндердің көңілдерін көтерді.
Сондай-ақ К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның «Балауса» циркі келіп
өнер көрсетті. Мерекелік іс-шарада 250 балаға балмұздақ, тәтті вата, попкорн
таратылды.
«Ерекше қолдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерімізге
қоғамның қамқорлығы керек. Балғындарға қуаныш сыйлау – біздің азаматтық
парызымыз. Сондықтан «Қос қанат» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Балхия
Байтулеева хабарласып, қолдау көрсетуді сұранғанда, бірден игі іс-шараға
атсалысуды жөн деп таптық. Жамбыл облыстық мәслихатына сайланған ақжолдық
әріптесім Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Қарлығаш
Бибазарова және «Мен өзім...» Buesness Hub орталығының кәсіпкерлері бірлесіп,
қолдау-көмек көрсеттік», - дейді депутат Руслан Мырсапарұлы.





