27
Наурыз

Руслан Мырқалықов шаһардағы Әл Фирдаус мешітінде 150 адамға арнап ауызашар берді

27 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Руслан Мырқалықов шаһардағы Әл Фирдаус мешітінде 150 адамға арнап ауызашар берді.

Ақжолдық депутат жыл сайын қасиетті Рамазан айында Ораза ұстаған тұрғындарға арнап Әл Фирдаус мешітінде ауызашар беріп отырады. Биыл да осы игі іс жалғасын тауып, мешітке жиналған көпшілік Қадір түнін бірге өткізді.

Рамазан айы – көмек беру, қайырымдылық жасауға шақыратын айлардың бірі. Руслан Мырқалықов Әл Фирдаус мешітінің жамағатымен бірге 21 наурыз күні 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетуге атсалысқан болатын.