03
Сәуір

Руслан Мырқалықов тұрақты комиссия мүшелерімен бірге қоғамдық көлік қызметінің сапасын тексерді

3 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерімен бірге қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсету жұмыстарының сапасын зерделеді.

Комиссияның зерделеу жұмыстарына қала әкімдігінің жауапты бөлімдерінің мамандары да қатысты. Зерделеу барысында «Автобус паркі-2020» және «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС жұмыстарымен танысып, директорларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Өздеріңізге белгілі, соңғы уақытта шаһарда Метан-газ тапшылығы сезілуде. Қоғамдық көлік жүргізушілері жалғыз-тозығы жеткен газ құятын станцияда ұзақ уақыт кезек күтіп тұрып қалатындарын, электр жарығы өшіп қалса, қоғамдық көліктер маршрутқа шықпай қалатынын айтуда.

Жалғыз станциядағы газ құятын құрылғылар ескірген, соның салдарынан газ дұрыс толтырылмайды. Сондықтан, Тараз қаласына жаңа Метан газын қүйатын станция қажет.

«Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-на барып, жол жүруді есепке алу, төлеу жүйесін ұйымдастыру, диспетчерлік қызметті көрсету және  GPS мониторингты жүзеге асыру сынды жұмыстарды зерделедік. Одан кейін өзімнің сайлау округім арқылы қатынайтын қоғамдық көліктерге мініп, жүргіншілерге қызмет көрсету сапасымен таныстым. Жолаушылармен және автобус жүргізушілерімен кездесіп, пікір алмастым», - дейді Руслан Мырқалықов.