6 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қалалық
мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Комиссия төрағасы Б.Тоқтағұлдың төрағалығымен өткен жиында жер «Жер
учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін
немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы
туралы» мәселе қаралды.
«Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов жер
учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алудағы мақсатын баяндады. Біз депутаттар
меншік иесінің келісімін сұрадық. Бұл жерде екі тараптың да ортақ келісімге
келуі маңызды. Жиын нәтижесінде жер учаскесі зерделеніп, дауысқа салынып,
меншік иесінің шарт жобасына келісу үшін сессияға ұсынылды», - дейді Руслан
Мырқалықов.
Еске сала кетсек, Тараз қаласында Абай көшесінің бойынан шойын жолдың арғы
жағы мен бергі жағын байланыстыратын теміржол үсті көпірінің құрылысы
басталған. Осыған байланысты көше бойындағы жеке меншік нысандар орналасқан жер
учаскелері мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуда.
