27 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының кеңсесінде депутат Руслан
Мырқалықов тараздық тұрғындарға жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау
өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың көтерген сұрақтары – тұрғын үй және
балабақша, мектепке бірінші сыныпқа құжат тапсыру туралы мәселелер болды.
Тараз қаласы екі әкімшілік аумаққа бөлініп, шаһар аймағы кеңейгелі бері
тұрғын үй кезегі де өсе түскені белгілі. Тұрғындар баспана бойынша мемлекеттік
бағдарламалар ұсынатын жеңілдіктер туралы, ал шағын кәсіпкер онлайн
аударымдардың салыққа қаншалықты әсер ететінін сұрады.
Мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау елімізде онлайн жүйеде жүргізілетіні
белгілі. Өтінім беру екі ай бұрын басталған, әлі де жалғасуда. Балғындарды
балабақшаға орналастыру да электронды жүйеде автоматты түрде жүргізіледі.
Депутат Руслан Мырқалықов тұрғындардың сауалдарына орай осы талаптарды
түсіндірді.