16 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының
міндетін атқарушы Мүслім Әбдімүтәліпұлы, «Бітімгер – Ел» медиация және құқық
орталығы» қоғамдық қорының төрайымы Марина Ким және облыстық энергетика және
коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының,
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдерімен бірге «Жамбыл су» мекемесі
инвестициялық бағдарламасының жобасын
іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша өткізген баспасөз турына
қатысты.
Қазіргі уақытта «Жамбыл су» кәсіпорнының қызметкерлері шаһардағы Сағынтаев,
Ы. Дүкенұлы көшесінен Қыпшақбаев көшесіне дейін
су құбыры желісін ауыстыруда. Бүгінге дейін 357 613,0 мың теңге қаржы
игеріліп, 11,44 шақырым құбыр ауыстырылған. 32 531,36 мың теңгеге арнайы
техника мен жабдық сатып алыныпты.
«Жамбыл су» кәсіпорнының 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама
бойынша жоспарына сай қаржыландырудың жалпы көлемі 593 492,7 мың теңге құрайды. Оның 501 561,0
мың теңге сомасына су құбыры желілерін ауыстыру, ұзындығы 16,041 шақырым су құбырларын ауыстыру,
сондай-ақ 91 931 мың теңге сомасына
техника сатып алу жоспарланған екен. Жалпы жылу және су құбырларын
кезең-кезеңімен ауыстыру жобасын жасарда олардың қанша жыл бұрын салынғанын
ескеріп, ескі құбырлардың есебін жүргізу керектігі туралы мәселені былтыр да
көтергенмін. Айталық кейбір көшелердері су құбырлары 40-50-60 жыл бұрын
жүргізілген екен. Одан да ескілері бар. Жоспар қабылданарда осы проблема
назарда болғаны жөн», - дейді Руслан Мырсапарұлы.


