21 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов жас инспекторлардың ХХ қалалық слетіне қатысушы командаға демеушілік
жасап, қолдау көрсетті.
Қалалық білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығында өткен іс-шарада
депутаттар Руслан Мырқалықов, Кемел Абденбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ қонақтар орталықтың жай-күйімен танысты.
«Орталықта жас жеткіншектердің шығармашылық жұмыстарымен таныстық. Кәсіпке
бейімі бар жас технологтар көп. Өнертапқыш оқушылардың жұмысын көрдік. Бұдан
соң жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, дайындықтарына баға бердік», - дейді
Руслан Мырқалықов.
Жас инспекторлардың слеті – тек жарыс қана емес, балалар мен
жасөспірімдердің өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруге, жолдағы қауіпсіздік
мәдениетін үйренуге арналған маңызды алаң.
Жарыста балалар жол ережелері
бойынша бақ сынады:
1) тестілеу;
2) командир байқау;
3) "сапта жүру";
4) "жас насихаттаушы";
5) "жас реттеуші";
6) "жас сілтеуші";
7) "қауіпсіз дөңгелек";
8) " үгіт» бригадаларының байқауы.
Аталған номинациялар бойынша:
Бас жүлде - № 41 гимназия
І орын - № 3 мектеп-лицей
Үш ІІ орынды: № 1 және № 24
гимназиялар мен №33 орта мектеп
Үш ІІІ орынды: № 7 гимназия, №15
және № 42 орта мектептің командалары жеңіп алды.





