10 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан
Мырқалықов Жер комиссиясының отырысына қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-іне Сарысу
ауданы Көк-Жон кен орны Кесіктөбе учаскесінен, сондай-ақ «АК Алтыналмас»
акционерлік қоғамына Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен уақытша өтеулі
жер пайдалану құқығымен жер учаскесін
беру туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар, комиссияға «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймақ басқарушы
компаниясы» акционерлік қоғамына Шу ауданы аумағынан жүгері өндіретін зауыт
салу және қызмет көрсету үшін 400 гектар жер учаскесін уақытша өтеулі жер
пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге беру туралы, «Сенімді бағыт» ЖШС Талас
ауданы Ақтаутас кен орнынан әктас өндіру үшін көлемі 39,31 гектар жер учаскесін
уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5
жыл мерзімге беру ұсыным ұсынылды.
«Жер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, комиссия мүшесі пікірін
білдіруге құқылы. Біз бұған дейін комиссия отырыстарында алтын-күміс кен
өндірісіне жер учаскесін беру туралы мәселені бірнеше рет қарап, компанияға өз
талаптарымызды айтып, ұсынысты 2 рет кері қайтарған болатынбыз. Бұл жолы “АК
Алтыналмас” АҚ экологиялық талаптарды сақтай отырып, кен өндірісінің қалдықсыз,
зиянсыз технологияларын енгізіп, құжаттарын қайта әзірлеп ұсынды. Сонымен қатар,
өндіріске жақын орналасқан елді мекенге 500 миллион теңгеден астам қаржы
инвестиция салып, балалар ойын және спорт алаңдарын, медициналық пункт
құрылысының жобасын жүзеге асырмақшы. Талапқа сай үш ұсынысты қабылдап,
жергілікті әкімдіктерге жолдадық. Ал Талас ауданындағы әктас кен өндірісіне
қатысты ұсынысты компанияның тиісті құжаттары дайын болмағандықтан кері
қайтаруды ұсынып, комиссия мүшелері қолдады”, - дейді ақжолдық депутат Руслан
Мырқалықов.

