15 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қаласы
әкімінің орынбасары Н.Исабековпен бірге коммуналдық нысандарды аралап, алдағы
жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Сонымен қатар, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерге
де барып, жұмыс қарқынын бақылады.
«Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер
қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен бірге шаһардағы құрылыс
нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізген кезде мердігелерге бірқатар
ұсынысымды айтып, сұрақтар қойғанмын. Бұл жолы да сол мәселелерге назар
аудардым. Депутаттар бақылауға алған барлық мәселелер мәслихат сессиясында
қаралып, нақты шешімдер қабылданатын болады», - деді Руслан Мырсапарұлы.
Қысқа сақадай сай болуымыз керек екенін еске салған ақжолдық депутат барлық
жоспарланған жөндеу жұмыстарының кестеге сай аяқталып, мекемелерге жылуды өз
уақытында беру және жылу беру температуралық режимдерін қамтамасыз ету жұмыстарының сапалы жүргізілуі маңызды екенін
атап өтті.











