27
Маусым

Руслан Мырқалықов және Бауыржан Найзақұлов Тараз қалалық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясына қатысты

27 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Мемлекет мұқтажы үшін жекеменшіктен қайтарылған жер учаскелері шарттарының жобалары қаралды.

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов Тараз қалалық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясына қатысты.

Сессияда шаһардың екі әкімшілік аумаққа бөлінуіне әрі қала маңындағы елді мекендердің орталыққа қосылуына байланысты Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының қатарына қосылған 4 депутат таныстырылды.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы У.Байдуанов Байзақ және Жамбыл аудандарынан қаламызға өткен сайлау учаскелері бойынша құрылған сайлау округтерінің депутаттарын таныстырып, куәліктерін табыс етті.

Сондай-ақ жиында күн тәртібіне сәйкес «Білім беру ұйымдарында балалардың демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету іс-шараларының орындалу барысы туралы» қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова, «Инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» Б.Тоқтағұл баяндамаларын жасады.

«Бүгін біз депутаттар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы», Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы шешіміндеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелерді қарадық. Сессия жұмысында қаралған барлық мәселелер талқыланды, депутаттар тиісті шешімдер қабылдадық», - дейді Руслан Мырқалықов.