11
Тамыз

Руслан Мырқалықовтың сауалынан кейін тұрғындардың өтінішін ескеріп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда

11 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Ақжолдық депутат Руслан Мырқалықов Тараз қаласындағы №20 мектеп жанынан салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысты

Тұрғындар Тараз қаласындағы №20 мектептің жанынан жаяу жүргіншілер жолы, білім мекемесінің жанынан көлік тұрағы қажет екенін айтып жүргеніне біраз болған. Бұл мәселені ақжолдық депутат Руслан Мырқалықов көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген кезде де көтерген.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов осы мәселені мәслихат сессияларында көтеріп, қала әкіміне, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдаған болатын.

Қазір мектеп жанынан тротуар салынып, тұрғындардың тілегі орындалуда.