18
Наурыз

Руслан Мырқалықовтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті

18 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықовтың төрағалығымен Тараз қалалық мәслихатында инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында депутаттар «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» мәселені қарады.

Күн тәртібіндегі мәселеге бойынша қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімін баяндады. Отырысқа тізімдегі барлық жер учаскелерінің иелері қатысты.

Тұрақты комиссия отырысы бойынша, депутат тұрақты комиссия шарттардың жобаларын қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге жіберетіндігін хабарлады.

Айта кету керек, өткен аптада Тараз қаласында теміржол үсті өткелі көпірінің құрылысы басталды. Абай даңғылы арқылы өтетін көпірді салу үшін теміржолдың арғы және бергі жағындағы жеке меншік нысандар мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуда.