12
Қараша

Сағадат Мұхамбетов пен Жастар қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева жастармен дөңгелек үстел өткізді

12 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалы төрағасының орынбасары Сағадат Мұхамбетов пен Жастар қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева жастармен «Жастар қанаты – елдің ертеңі, ұлттың тірегі!» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында қоғамдағы жастардың белсенді рөлі, азаматтық ұстаным қалыптастыру және патриоттық сана-сезімді нығайту бағытында пікір алмасу, студенттердің ой-өрісін кеңейту, көшбасшылық қабілетін дамыту және командалық жұмысқа бейімдеу мақсатында интерактивті ойын өткізілді. Қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып, жаңа идеялармен бөлісті.

Сағадат Мұхамбетов: «Жастар – елдің қозғаушы күші, қоғамның жаңаруына жол ашатын негізгі тірек. Әрқайсыңыздың ойыңыз бен бастамаңыз – біздің ортақ болашағымыздың кепілі. Белсенді болып, ел дамуына өз үлесіңізді қосыңыздар! “Ақ жол” әрқашан сіздердей жалынды жастарды қолдауға дайын!»- деді.

Гаухар Менлибаева өз кезегінде Жастар қанатының миссиясын, жаңа жобалары мен алдағы жоспарларын таныстырып, әрбір жастың белсенді қатысуының маңызын айтты.

Кездесу соңында бірнеше белсенді студенттер ҚДП “Ақ жол” партиясының Жастар қанатына қабылданып, ұйым қатары жаңа, жалынды тұлғалармен толықты.

Жастар қанатының мүшелері Айжан Нұрбекова, Айшаби Түсіп және қатысушы Сабина Жұмаділда өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің жастардың дамуына және өз әлеуетін ашуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

“Ақ жол” партиясы – жастардың дауысы естілетін, олардың бастамалары мен идеяларын қолдайтын, әділ қоғам құруға бағытталған партия!