8 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалы төрағасының орынбасары Сағадат
Мұхамбетов ztb_kazakhstan арнасына сұхбат беріп, өңірдің тарихи-мәдени әлеуеті
мен туризмді дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Соңғы 9 жылда Сағадат Мұхамбетов
жүздеген шетелдік туристі Ұлытаудың киелі жерлеріне бастап барып, олардың
тарихқа деген қызығушылығын арттырып келеді.
Оның айтуынша, ерекше әсер қалдырған қонақтар — Моңғолиядан келген
туристер. Олар Жошы хан мазарына келгенде басына құрт пен бидай қойып, айналасына
арпа шашу дәстүрін орындайды — бұл өмірден өткенге деген құрметтің ерекше
белгісі.
Сағадат Мұхамбетов атап өткендей, көптеген моңғол туристер Жошы хан
мазарының қазақ жерінде орналасқанын білмеген, ал бұл — еліміздің тарихын және
рухани мұрасын әлемге танытудың зор мүмкіндігі.
“Ақ жол” партиясы елдің мәдени және тарихи құндылықтарын насихаттап,
туризмді дамытуға үлес қосатын осындай белсенді азаматтарымен мақтанады!
Толық сұхбатты мына сілтемеден көре аласыз: https://www.instagram.com/p/DQtgXsKiJMg/?igsh=eTYxd2ZnemRldTAw

