24
Шілде

Сақайбеков Серікбек Алдабергенұлына “Адам құтқарғаны үшін” медалін табыстады

24 шілде 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының мәжіліс залында “Ақ жол” демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Ерлік пен батырлықты” дәріптеу тақырыбында іс шара өтті. Бұл шараның өтуіне себепкер болған батыр ағамыз, Алмалыбақ ауылының тұрғыны Сақайбеков Серікбек Алдабергенұлы. 30 шілде 2025 жылы ауылдын орталық спорт алаңында болған қиын жағдайда бала өміріне араша түсіп, баланы төніп тұрған ажалдан құтқарған. Максим деген 10 жасар баланы екі ит талап жатқан жерінен аман алып қалған. Баланы құтқару үшін екі итті өлтірген. Бүгінгі іс шараға ҚР Парламент Мәжілісінің “Ақ жол” демпартиясының депутаты Барлыбаев Ерлан Хайланұлы келіп батыр ағамызға “Адам құтқарғаны үшін” медалін табыстады. Филиалдың белсенді мүшелерінің атынан ағамызға қаржылай көмек көрсетілді. Ғылыми институттың басшысы Бастаубаева Шолпан Оразқызы, волонтер Хамарова Айжан Жұмагелдіқызы, “Әділет қорғау” қоғамдық ұйымының басшысы Мұхамедова Зауре апайымызға филиал тарапынан осы іс шараны өткізуде берген көмектері үшін алғыс білдіреміз! Ауыл тұрғындарымен ауыл белсенділері “Ақ жол” демократиялық партиясының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлына үлкен рақмет айтып, жасап жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.