9 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
9 қазан күні С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының алдында
азаматтарды мерзімді әскерге шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.
Бұл маңызды іс-шараға Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» партиясының
облыстық мәслихат депутаты, Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ақылбек Аманов
арнайы қатысып, жас сарбаздарға:
«Сіздерге әскери борыштарыңызды абыроймен өтеп, аман-есен оралуды тілеймін.
Отан сіздерге сенеді!» - деп ізгі ниетін білдірді.
"Ақ жол" партиясы әрдайым жастардың патриоттық рухын, елге қызмет
етуге деген ынтасын қолдап, осындай игі шаралардың жанынан табылып келеді.




