09
Мамыр

Саят Сыздықов «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

9 мамыр 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят Сыздықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Бұл шара – батыр бабаларымыздың ерлігіне деген құрметтің, ел тарихына тағзым етудің белгісі. «Ақ жол» партиясы ардагерлерге алғыс білдіріп, ұрпақ жадында Жеңіс рухын сақтауды басты міндеттердің бірі санайды.