13
Маусым

«Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында БАҚ пен онлайн-платформалардың рөлі» атты семинар-тренинг өтті

13 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Тараз қаласында «Достық» үйінде «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының және онлайн-платформалардың рөлі» атты бір күндік семинар-тренинг өтті.

Жамбыл өңіріндегі БАҚ өкілдеріне арналған семинарға «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ардақ Жаңбыршы қатысты.

Семинар-тренингтің ашылуында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сөз сөйлеп, іс-шараның маңызына тоқталды.

Теориялық бөлімде спикерлер қатысушыларға дәрістер оқыса, екі секциялық топқа бөлінген практикалық бөлімі сұрақ-жауап, блиц-сұхбаттар ұйымдастырылды.