26
Ақпан

Сайлаушылармен салиқалы кездесу, салмақты әңгіме болды

26 ақпан 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобының жұмысы Шымкентте жалғасты.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған штаб өкілдерімен кездесуге Шымкент қаласының 360-тан астам азаматы келді.   

Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісіне үміткерлер Қазыбек Иса, Әлімхан Абжанов, Станислав Пыхарев және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері  қатысты.

Республикалық штаб мүшелері алдымен оларға сайлауалды бағдарламаның негізгі тұжырымдарын таныстырды. 


Жиынға қатысушылар ел  ішіндегі өзекті мәселелерді ортаға салынып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, штаб өкілдерімен бірге оның шешу жолдары талқылады.

- Қала тұрғыны Бахыт Күндебаев, бүгін кездесуде «ақжолдықтарды» тыңдап, бағдарламасымен танысып, өзгеріс болатынына, әділ сайлау өтетініне көз жеткізгенін, еліміздегі білім саласының сапасы төмендегін, жемқорлықтың жойылмай тұрғанын, жалпы елімізге түбегейлі өзгерістердің  қажет екенін айтты.  

Бұл ұсынысты  партия лидері Азат Перуашев толығымен қолдап, өз сөзінде мұғалімдерге  ерекше дәреже  беру туралы заң қабылданғанымен, кемшіліктері  бар екенін, заңға толықтыру енгізу керектігін жеткізді.

«Білім саласына өзгерістер қажет, білімі жоқ халықтың болашағы да жоқ !»- деді  ол.

Жиынға қатысушылар дауыс беретін сайлау учаскелерінде электронды жүйе орнату қажеттігі  туралы талаптарын жеткізді. Бұл ұсынысқа партия төрағасы Азат Перуашев былай деп жауап берді.

- «Бұл мәселе бойынша «Ақ жол»  демократиялық  партиясы 2017 жылдан бастап  Парламентте көтеріп келе жатыр. Біздің депутаттық сауалымызда сайлау процессіне  толығымен  бейнебақылау жүргізіп, жеке куәлігіндегі штрих-код  бойынша  дауыс беру туралы ұсыныс айтылған. Көрші Қырғыстанда осы жүйе 10 жыл бұрын енгізілді.  Ал біздің депутаттық сауалымызға Үкімет тарапынан қаражат қарастырылмағаны  туралы  жауап келседе,  біз мұны қайта-қайта көтеріп келеміз. Кез-келген сайлауда дауыс беретін учаскелерде бейнебақылау орнатылған жағдайда ғана әділ сайлау өтіп, сайлауда ешқандай  заң бұзушылықтар орын алмайды».

Сонымен бірге, кездесуге  арнайы  келген кәсіпкерлер Азат Перуашевқа Шымкент қаласындағы мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлердің заң құқықтарын бұзып жатқаны туралы 2022 жылдың желтоқсан айында жазған  шағымдары  бойынша,  «Ақ жол»  партиясы  кәсіпкерлерді қолдап, мәселені  шешіп бергені  үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Мұнан соң штаб мүшелері білім беру мекемелерінің 250-ге жуық ұстаздары және студенттерімен кездесті. Жастарға сайлауалды бағдарлама жіті түсіндірілді.


Жиын барысында мұғалімдер қазіргі заманда ақпараттық технологиялар жақсы  дамығаныны арқасында «Ақ жол» демократиялық  партиясының іске арсырған жұмыстармен парламент мінберінен көтеріп жүрген ұсыныстарын жақсы білетіндерін айтты.

Халықпен тілдесуді «ақжолдықтар» Жаңа талап ауылының 80-нен астам тұрғынымен кездесіп қорытындылады. 


Ауыл тұрғыны  партия бағдарламасында жазылған «Парламенттік тергеу» деген ұғымды түсіндіріп беруді сұраса, тағы бір тұрғын Мәжіліс отырысында Азат Перуашевтың «егерде тыңдағыңыз келмесе, тыңдатамыз деп», министрге  қатқыл үнмен айтқан сөзіне  риза  болғанын айтты. Өткір сөйлейтін сіздей азаматтардың орны Парламентте  болу  керек деді. Жалпы партия өкілдері мен жиналғандар алдағы саяси науқанның маңызына тоқталды.

Кездесу соңында партияның алдағы жоспары, сайлауалды тұғырнамасы кеңінен баяндалып, 19 наурыз  күні сайлауға барып, «Ақ жол» партиясына  дауыс беруге  шақырды.