02
Маусым

Салық саясатының күнгейі мен көлеңкелі тұстары

https://t.me/peruash/9129

Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасы талқыланды.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, вице-министр Азамат Амрин, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов, Қаржы министрлігі департаментінің директоры Арман Тян таныстырды.

Талқылауға біздің әріптестеріміз – «Ақ жол» демпартиясының Мәжілістегі және жергілікті мәслихаттардағы депутаттары (онлайн режимде), партияның барлық өңірлік филиалдары, ҚР Ұлттық индустриялды палатасының басшылығы (Дмитрий Васильев), Машина жасаушылар одағы (Ерқанат Мақанов), Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы (Михаил Глухов), Сервистік сала кәсіпкерлері қауымдастығы (Ермек Әбілдин), Бухгалтерлер қауымдастығының, Сауда кәсіпорындары қауымдастығының, Құрылысшылар одағының өкілдері, шағын, орта және ірі бизнестің кәсіпкерлері т.б. қатысты.


Қонақтар жаңа Салық кодексінің концептуалдық тұстарын таныстырды. Біріншісі – салық салу базасын кеңейту үшін бизнесті ынталандыру міндеті.

Атап айтқанда, салықтық жеңілдіктер бизнестің жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялау, жергілікті қамтуды арттыру және т.б. міндеттемелерімен байланысты болады деп болжануда.

Әзірлеушілердің пікірінше, бұл бизнестің мемлекет алдындағы қарсы міндеттемелерін қалыптастыруға әкелуі керек.

Шынын айтқанда, бұл өте түсініксіз болжам. Өйткені, жеңілдіктер жеке емес (жеке «таңдаулы» компаниялар үшін), экономиканың тұтас секторларына арналған салалық сипатқа ие. Бұл дұрыс, әйтпесе заң сауда дүкеніне айналып, сыбайластық тәсілдерді заңдастырып жібереді.

Бірақ сол қарсы талаптарды (инвестициялар, жұмыс орындары, жергілікті қамту) кімге міндеттеу керек – нақты кәсіпорындарға ма, бүкіл салаға ма? Ал егер қандай да бір кәсіпорын мұндай міндеттемелерді орындамаса (немесе қабылдамаса) жеңілдік қалай жойылады - барлық сала үшін бе, «заңбұзушы» үшін бе? Ал егер жеңілдік, қайталаймын, жекелей болмаса, мұны қалай жасауға болады?

Ең бастысы, одан да маңызды мәселе - жеңілдік деп нені санауға болады? Терминнің анықтамасынсыз мәселені талқылау мүмкін емес, бірақ бұл мәселеде, талқылауымыз көрсеткендей, әзірлеушілер әлі анық-қанығын пысықтамаған.

Экономика министрлігінің екінші тәсілі – ауыртпалықты жоғары табысты салаларға аударып, халықтың ауқатты топтарынан түсетін табысты арттыру. Ол салық ауыртпалығын әділ бөлуді қамтамасыз етуге арналған.

Мұның позитивті жақтары бар – мысалы, халыққа арналған тауарларды (азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек) өндіруге және технологиялық компанияларға (мысалы, жоғары дәлдіктегі машина жасау, IT-индустрия және т.б.) салықты азайтып, банктерге және минералдық ресурстарды (мұнай, газ, кен) экспорттаушыларға жүктемені (ең алдымен КТС ставкалары арқылы) арттыру. Прогрессивті ЖТС мөлшерлемесін енгізу және «байлық нысандарына» салықты көбейту (менің көзқарасым бойынша) күмәнді. Оның үстіне қандай да бір себептермен Экономика министрлігі соңғылардың қатарына яхталар мен жеке ұшақтарды ғана емес, бір бөлмелі болса да, бес немесе одан да көп пәтерлерді қосқан.

Бұл тармақтар бойынша екі еселі, тіпті үш еселі қарсылық бар: менің ойымша, байлық нысанына пәтерлерді саны бойынша емес, үлкен аумағы (мысалы, 300 шаршы метр және одан да көп) бойынша жатқызған дұрысырақ болады.Бізде көбінесе ипотека алу үшін пәтерді төлем қабілеті бар туысқанына рәсімдеп, ол тек ресми меншік иесіне болады, бірақ іс жүзінде ол жерде басқа адамдар тұрады. Немесе біреудің шынымен бірнеше пәтері болса да, бұл жерде мәселе ашкөздікте емес, ақшаны сақтаудың басқа құралдарының жоқтығында. Сонымен қатар, адам осылайша құрылысқа ақша салып, жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Мұндай баспананы жалға бергеннің өзінде ол салық төлеуге міндетті.

Екінші қарсылық әдістемелік сипатта. Егер үкімет прогрессивті ЖТС мөлшерлемесін енгізсе, салықты төлегеннен кейін қалған сома «тазартылған» болып есептеледі. Ал тауарларға (тіпті қымбатына болса да) салық салу іс жүзінде сол ақшаға қайта салық салу боп саналады. Нақты бір нәрсеге салық салу керек: не табысқа, не тұтынуға (шығыс). Егер екеуі де енгізілсе, мұндай саясаттың әділдігі туралы сұрақтар туындайды.


https://t.me/peruash/9130

Үшіншіден, бізде  прогрессивті ЖТС бұған дейін де болған. Және бұл бухгалтерлік есептің қайталануы мен жалақыны «конвертте» төлеуге алып келген. Салықты артық төлемеу үшін кәсіпорынның бір қызметкерінің орнына оның үш-төрт сенімді өкілін жұмысқа алған тәжірибенің болғаны есімде. Бұл басқа көлеңкелі схемалардың пайда болуына әкелді. 10% ЖТС енгізу сол кезде революциялық қадам болып, бұл схемаларды бірден жойды. Қателікке қайта ұрынбасақ жарар еді.

Үшінші принцип – экономиканың әртүрлі салаларында сараланған салық ставкаларына көшу.

Бұл шешім үшін «Ақ жол» фракциясы Парламенттегі алғашқы күннен бастап он жылдан астам күресті. Әрине, біз бұл тәсілді қолдаймыз. Бірақ бұл жерде жеңілдіктерді түсінудегі айырмашылық анықталды: Вице-министр А.Амрин СНР үлгісі бойынша салалық мөлшерлемелерді енгізбей, жеке секторлар үшін төмендету коэффициентін қолдану орынды деп санайды (белгіленген ҚҚС мөлшерлемесінен жалпы алғанда -70%).

Менің ойымша, бұл тұжырым қате, оның екі себебі бар:

1) Қарапайым мәселелерді бостан-босқа қиындатудың не қажеті бар? Әрбір кәсіпкер 12%-дан (-70%) немесе (-50%), (-80%) өз бетінше есептегеннен, ставкаларды 3%, 6% немесе 4% деп тікелей белгілеу оңайырақ, ыңғайлы және шынайырақ. Солай емес пе?

2) Жалпы белгіленген мөлшерлемеден есептегенде, кез келген төмендету жеңілдік ретінде қарастырылады.

Бірақ бизнестің күнін әрең көруге алып келетін, ал артқан жағдайда құрдымға кетіретін мөлшерлеме жеңілдік боп санала ма? 3-5 салалық ҚҚС мөлшерлемелері қолданылатын ЕуроОдақ елдерінде олардың барлығы жалпыға бірдей белгіленгеніне қарамастан тікелей белгіленетіні кездейсоқ емес, сондықтан жеңілдіктер қарастырылмайды. Осы тәсілдің арқасында еуропалық үкіметтер өз өндірушілерін бір нарықта және барлық жеңілдіктерге тікелей тыйым салынған тең бәсекеде де қолдайды. Ал салалық мөлшерлемелер жеңілдік ретінде қарастырылмайды.

Бізде де президент жеңілдіктерді, яғни таңдаулы және тең емес преференцияларды қайта қарауды үнемі талап етеді. Бірақ салық мөлшерлемесі бүкіл сала бойынша бірдей болғанда, шарттар тең болады, оны жеңілдік деп санау дұрыс емес.

Бизнесмендер қонақтарға ҚҚС қайтарудағы бюрократия (осы тақырып бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қ.Миятов түсіндірме берді), ТБЖ қолдану және келісім пирамидасы (жалған мәмілелер бойынша талаптарды тікелей контрагентпен шектеу ұсынысы айтылды, мұны толық қолдаймын), кәсіпкерді салық органдарының санкцияларынан ешбір жағдайда қорғамайтын «тиісті тиянақтылықтың» енгізілгені туралы сын айтылды (К. Миятов салық органдары «сақтықты» емес, бұзушылық фактілерін басшылыққа алатындықтан бұл мәселеден тайып кетті). Осы орайда мен мәмілелердің жарамсыздығы және табысты кәсіпорындарды жасанды түрде банкроттыққа әкелетін,  кәсіпкерлердің соттарда салық органдарының алдындағы қауқарсыздығы жөнінде айттым (бір күн бұрынғы «Ақ жол» фракциясынан депутаттық сауалын қараңыз).

Фракция депутаты Ерлан Барлыбаевтың “Жаңа Салық кодексінің қабылдануы көлеңкелі экономиканы қысқартуға әкеле ме, жалпы мұндай мақсат қойылған ба және ол сандармен қалай көрсетіледі”, - деген сауалы өте орынды деп ойлаймын. Әлібек Қуантыров мұндай міндет қойылып отырғанын қуаттап, көлеңкелі экономиканың бүгінгі үлесін 25-27 пайызға бағалап, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 14 пайызға дейін төмендету міндеті тұрғанын айтты.

Шынымды айтсам, салық саясатының ұсынылған тұжырымдамасы осындай нәтиже беретініне күмәнім бар, әсіресе, прогрессивті ЖТС мөлшерлемесі жөніндегі жоғарыда айтылғандарды ескерсе.


Ұлттық экономика министрі қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырып қана қоймай (бәрін қайталап айтпаймын), әріптестерімізді қуантқан жері де болды. Мәселен, жиын басталар алдында ірі машина жасау зауыттарының басшылары ҒЗТКЖ мен жаңа технологияларды енгізуге кететін шығындар бойынша 150% пропорцияда КТС шегеру талаптарына қолдау көрсетуді сұрады. иын басында Ә.Қуантыров мұндай шешім СК-ның жаңа тұжырымдамасында қарастырылғанын айтып, өнеркәсіпшілерді бір серпілтіп тастады.

https://t.me/peruash/9131

Ол сондай-ақ тұжырымдама аясында орта бизнесті кірісті қайта инвестициялауды КТС-тен босатудың пысықталып жатқанын атап өтті – естеріңізге сала кетейін, біздің фракция өткен жылдары мұндай ұсынысты бірнеше рет жасаған, бұл «Ақ жол» демпартиясының Саяси бағдарламасында да бар.

ШОБ өкілдерінің кәсіпкердің өз таңдауы бойынша бөлшек сауда салығымен қатар жеңілдетілген тәртіпті сақтау туралы өтініштерімен («жеңілдетілген тәртіпті» тоқтату туралы хабарламалар болған) вице-министр А.Амрин келіскені де әріптестерді қуантты.

Дегенмен, пікірталаста салыстыруға келмейтін даулы мәселелер болды және әзірлеушілердің барлық өткір сұрақтарға (соның ішінде тұжырымдамалық сұрақтарға) нақты жауаптары жоқ. Негізінде сол үшін де жиналдық.

Пікірталас үш сағатқа созылғандықтан, менің пікірімше ең күрделі бөлігін (салықтың әкімшілендіру) алдағы апталарда талқылау мен таныстыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қалай болғанда да, талқылау пайдалы болды. To be continued.