28
Маусым

Салауатты өмір салты – болашақтың берік негізі!

28 маусым 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Павлодар облыстық "Ертіс медиа" ЖШС-ның шығармашыл жастары табиғат аясында ерекше форматта өткен тәрбиелік шараға жиналды. "Ақ жол" партиясы облыстық филиалының белсендісі Айбек Оралханмен өткен кездесу – нашақорлық пен зиянды әрекеттерге қарсы күрестің жаңа бір жарқын үлгісі болды.

Іс-шара барысында Айбек Оралхан ашық диалог жүргізіп, есірткі мен түрлі теріс әдеттердің зардабы жайлы жан-жақты түсіндірді. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды салауатты өмір сүруге, спортпен айналысуға, кітап оқуға және ой-өрісті дамытуға үндеді.

Кездесуде белсенді өмір салтының маңызы нақты іспен дәлелдеді.

Бұл шара – тек бір күндік акция емес, жастардың санасына серпіліс әкелетін, рухани иммунитет қалыптастыратын маңызды бастама болды.