19
Тамыз

Сарыағаш қаласында кезекті сенбілік ұйымдастырылды

19 тамыз 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сарыағаш қаласында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Шараға ерікті жастар, студенттер, мекеме қызметкерлері мен мәслихат депутаттары қатысып, көшелер мен жасыл аймақтарды қоқыстан тазартты.

Акцияға «Ақ жол» партиясынан сайланған мәслихат депутаты Баратов Ашимхан Таңатарұлы да белсене атсалысып, жұмысшыларға қолдау көрсетіп, арнайы техникамен көмек көрсетті.

Мұндай сенбіліктер қаланың тазалығы мен тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.