16 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Сарысу ауданындағы МЭЗ елді мекенінде 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап
ауыл тұрғындарының бастамасымен қолға алынған жаңа тоған қазу жұмыстары сәтті
аяқталды. Бұл игі іске ауыл тұрғындары біркісідей жұмылып, ауызбіршілік пен
ұйымшылдық танытты.
Тұрғындар ауыл сыртынан жаңа тоған қажеттігін көтеріп, осы мәселе бойынша
«Ақ жол» партиясынан сайланған Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Жанбота
Басиеге қайырылған болатын.
Округ депутаты ретінде Жанбота Басие тұрғындардың талап-тілегін тиісті
мекемелерге жеткізіп, мәселенің шешілу барысын назарда ұстады. Бұл – халық пен
билік арасындағы сенімді қарым-қатынастың жарқын үлгісі.
«Аталған мәселе бойынша халықтың сұранысы ескеріліп, әкімшілікпен бірлесе отырып «Қазфосфат»
мекемесіне ресми өтініш жолдадым. Нәтижесінде, қажетті қолдау көрсетіліп,
скважина қазу жұмыстары жүзеге асты. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін бірлесе
еңбек етуге дайынмын. Атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін!» -
дейді ақжолдық депутат.

