10
Желтоқсан

Сейсекүл Әбдісаттарова қоғамдық қабылдау өткізді

10 желтоқсан 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова қоғамдық қабылдау өткізді.

Филиал кеңсесінде өткен қоғамдық қабылдауда қоғам белсендісі, азаматтық ұйымның төрағасы Николай Чан еріктілер қозғалысын жандандыру туралы мәселе көтеріп, өз ұсынысын айтты.

Төраға орынбасары көтерілген мәселеге қатысты өз ой-пікірін жеткізіп, ұсынысты партия филиалы кеңесіне енгізіп, қаралатынын айтты.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесін қозғады.