18
Мамыр

Сейсекүл Әбдісаттарова сайлау барысын байқаушы ретінде бақылауда

18 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал ауылындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде.

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова сайлауға байқаушы ретінде қатысып, ауыл тұрғындарының дауыс беру процесінің заңбұзушылықтарсыз өтуін бақылауда.

«Түске дейін тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Бұл сайлаушылардың азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Округте денсаулық жағдайына байланысты үйде дауыс беруге өтініш білдіргендер бар. Заңға сәйкес үй-жағдайында дауыс берудің тәртіп ережелері бекітіліп, арнайы қаулы шығарылған», - дейді Сейсекүл Әбдісаттарова.

Айта кету керек, Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауына «Ақ жол» партиясы атынан Серік Қайпулдаев ұсынылған.