16
Қазан

Сейсекүл Әбдісаттарова және Руслан Мырқалықов Алаш мұрасын насихаттаушыларға «Алаш» медалін тапсырды

16 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов Алаш мұрасын насихаттаушыларға «Алаш» медалін тапсырды.

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов, филиалдың Жастар қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов жоғары оқу орнында, мектептерде Алаш мұрасын насихаттап жүрген жас зерттеушілердің ғылыми жетекшілерімен, тәлімгерлермен кездесті.

Басқосуда Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін, Алаш идеясының өзегін ашуға мүмкіндік беретін «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық жобасы туралы айтылды. Спикерлер «Ақ жол» Демпартиясының ұйымдастыруымен өтетін байқауда зерттеушілерге тың тақырыптарды ашуға жетелейтін бағыттар ұсынылатынын жеткізді.

Жиын соңында «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов Алаш мұрасын насихаттауда партияның Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе белсенді жұмыс атқарып келе жатқан М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры,  PhD доктор Гүлжан Идрисоваға, облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Айнұр Аликуловаға «Алаш» медалін тапсырды.