09
Маусым

Семей қаласында «ақжолдық» маслихат депутаты тұрғындармен кездесті

“Ақ жол” париясынан сайланған қалалық маслихат депутаты, Жаңасемей аудандық маслихатының төрағасы Ермек Абильмажинов белгіленген жоспар бойынша Мұқыр және Ертіс ауылдық округтарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде екі ауыл тұрғындарының тұрмыстық-әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарында көп жылдар бойы қордаланып, шешімін таппай келе жатқандығы аңғарылды. Әсіресе денсаулық, мәдени-тұрмыстық нысандары мен тозығы жеткен жол, су мәселелері бүгінгі күнге өткір қойылып отыр.

Алдағы уақытта әрбір мәселе бойынша жауапты, құзыретті мекемелерге депутаттық сауалдар жолданып, солардың оң шешімі қадағаланатын болды.