16 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Семей қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” орденінің
иегері, Абай облысының құрметті азаматы, Шәкәрім және Әлихан университеттерінің
құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Сләмұлы
Еспенбетовтың 80 жасқа толуына орай халықаралық ғылыми конференция және
бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті.
Аталған жиынға Абай облысы “Ақ жол” демократиялық партиясы филиалы
төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы бастаған бірқатар партия
мүшелері қатысып, ғалымның ел ғылымына, әдебиетіне қосқан зор үлесі мен
ағартушылық еңбегіне құрмет білдірді.
Арап Сләмұлының еңбектері қазақ әдебиеттануы мен мәдениетінің дамуына тың
серпін беріп, болашақ ұрпақ үшін құнды мұра ретінде сақталары сөзсіз. Ұлттық
руханиятымызды дамыту жолында қажырлы еңбек еткен ғалымның мерейтойы ғылыми
қауымдастық үшін маңызды оқиға болып табылады.
“Ақ жол” демократиялық партиясы ұлт зиялыларын құрметтеу, олардың
еңбектерін насихаттау және қазақ мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосу
бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.