04
Желтоқсан

Семейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алаш көсемі Әлиханға ас берілді

4 желтоқсан 2021 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы    

 «Ақ жол» партиясының облыстық филиалының мәжілісі Алаштың астанасы Семей қаласында өтті. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдағы қарсаңында ұйымдастырылған шараға облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары мен «Ақ жол» партиясының белсенді мүшелері қатысты. Желтоқсан айының төртінші жұлдызында мәжіліске жиналған делегаттар Әлихан Бөкейхан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Алаш арыстарының әруақтарына тағзым етті.

Әлихан Бөкейхан университетінің мәжіліс сарайында өткен облыстық филиалдың салтанатты жиналысында, елімізге еңбегі сіңген мәдениет, ақпарат саласының үздіктері, «Ақ жол» партиясының белсенді мүшелері Қазақ Республикасының 100 жылдық мерейтойына арналған төсбелгілерімен марапатталды. «Ақ жол» партиясының облыстық филиалының төрағасы Мақсат Асанұлы жиналғандарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, облыстық филиалдың жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталып, болашаққа жоспарланған іс-шараларды баяндады.

Облыстық маслихат депутаттары Талғат Құрманғалиев пен Қуат Рахымбердин депутаттық қызметтеріне есеп беріп, облыстық мәслихатта «Ақ жол» партиясының фракциясын құруды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Өскемен қалалық мәслихат депутаты Ерлан Можанов қалалық мәслихатта атқарған жұмыстарын баяндап, депутат ретінде сайлаушылардың қандай талап-тілектерін орындағанын айтты. Семей қалалық мәслихатының депутаты Гүлжанат Рахатқызы жыл бойғы атқарған депутаттық қызметін баяндап, сайлауалды бағдарламасындағы Түбегейлі өзгерістерге қол жеткізуге қандай жұмыс жасағандығына тоқталды. Солардың ішінде:

  1. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар ұйымының Семей ядролық сынақ полигоны жерінің оңалтуы жайындағы 10 резолюция қабылданғанын айтып. Осы орайда Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі деңгейінде жұмыс тобы құрылып, осы жұмыс тобының құрылуына ықпалы тигенін айтты.
  2. Үлкен мәселелердің бірі – Семей қаласына қарасты 12 ауылдық округтері мен 2 шағын кенттің, 40-қа жуық елді мекенде заманауи өзгерістердің барлығы ауылды жерлерден тысқары қалып отырғанын, бүгінге дейін ауыз судың жоқтығы, жолдың болмауы, көшелердің жарықтандырусыз тас қараңғылығы, індет өршіп жатқанда медициналық қызметтің сапасыздығы және қолжетімсіздігі, интернет байланысының нашарлығы және көптеген басқа да түйіні шешілмеген мәселелердің орын алып жатқандығын айтты. Оның депутаттық сауалының арқасында Семей мәслихаты деңгейінде жұмыс тобы құрылып, ауылдық округтарының мәселелері бойынша 18 сессияда Семей қаласының ауылдық округтерін дамыту жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітілгендігін айтты.
  3. Қатты қалдықтар мәселесі бүкіл елімізде, әсіресе үлкен қалаларда орын алып отырған қордаланған әлеуметтік-экологиялық мәселелерінің біріне тоқталып, бұл бағытта атқарған жұмысын баяндады. Сондай-ақ, қаладағы Пищевик спорталаңының жеріне жаңа мектеп салу үшін жергілікті әкімшілік тарапынан қарастырылуын тоқтатқанын айтты. Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жолдауындауғы бұқаралық спортты дамыту, қолжетімділікті қамтамасыз ету деген үндеуіне қарама қайшы екені туралы ашық айтып,  қоғамдық пікір қалыптастырып, осы спорт алаңын сақтап қалуға партиямыз үлес қосты деп ауыз толтыра айтуға болатынын айта кетті.

Абай аудандық мәслихатының депутаты Асқар Амантайұлы аудан көлемінде интернет мәселесі шешімін таппай отырғанын, Жарма ауданының депутаты Құрманғазы Айтқазыұлы Алматы - Майқапшағай күре жолының құрылысына қатысты мәселелерді, Зайсан аудандық мәслихатының депутаты Бошақов Манарбек мырза шаруа қожалықтарына жер телімін беру туралы мәселелерді, Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты Алтай Мұхаметкәрімұлы «Таза су» бағдарламасына қатысты мәселелерді көтеріп, аудан көлемінде атқарып жатқан депутаттық қызметтерінің есебін берді.      

  

Партияның облыстық филиалының төрағасы Мақсат Асанұлы барлық деңгейдегі депутаттардың есептерін тыңдағаннан кейін өткен сайлаудың партиялық тізіммен өткенін ескертіп, сайлауға қатысқан үміткерлердің барлығы да депутат болып сайлаушыларға қызмет көрсетуге лайықты тұлғалар екендігін атап айтты. «Ақ жол» партиясының облыста атқарып жатқан жұмыстарын сайлаушыларға насихаттау үшін «Ақжолтай» газетін қаржыландыру жолдарын қарастыруымыз қажет деді.

«Ақ жол» партиясының облыстық филиалының жиналысын жүргізіп отырған тізгінші (модератор) Рахат Алтай: «Кез келген партия өзінің саяси бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі билікке жетуді жоспарлайтынын, «Ақ жол» партиясының құрылғанына 20 жылдан асқанын, Осы кезеңде 2005 жылы Әлихан Байменов, 2019 жылы Дәния Еспаева президенттік сайлауға түскенін, өкінішке орай осы күнге дейін партиямыздан бір адам да Сенат депутаты болып сайланбағанын айтып. Мәжіліс пен мәслихаттарға «ақжолдықтар» депутат болып сайланып халыққа қызмет көрсетіп келетінін және Зайсан ауданында ауылдық округкке бір азамат әкім болып сайланғанын атап өтті. Болашақта ауылдық округтерге, аудандық, қалалық әкімдіктерге үміткерлерді (кандидаттарды) әзірлеуге қажеттілігін, сонда ғана сайлау алды бағдарламамыздың орындалатынына назар аударды. Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев мырзаның «Түбегейлі өзгерістер қажет» деген тұжырымдамасын облыс тұрғындарына таныстыру «Ақ  жол» партиясының барлық мүшелеріне міндет – деп қадап айтты.

Жиналғандарды Әлихан Бөкейханға арналған асқа шақырып алыстан ат терлетіп келген депутаттарға ақжол тіледі. Ас Әлихан Бөкейхан атындағы мешіттің қатымханасында өтті. Қаланың ақсақалдары, кәсіпкерлері қалалық маслихат депутаттары университеттер мен колледждердің басшылары қатысып, аста Әлихан Бөкейханның өмірі туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды. Құран оқылып, қатым түсірілгеннен кейін асқа шақырылған қонақтар «Ақ жол» партиясының басшыларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.