16
Тамыз

Semey Cement зауытында еліміздің экономикасының дамуына қосқан азаматтар “Еңбегім Еліме” құрмет белгісімен марапатталды

16 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін құрылысшылар күніне орай Semey Cement зауытында еліміздің экономикасының дамуына, соның ішінде зауыттың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар “Еңбегім Еліме” құрмет белгісімен марапатталды.

Бұл марапат – “Ақ жол” демократиялық партиясы Президиумы мен ҚР Ұлттық индустриялық палатасы басқармасының атынан, Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан көп жылғы жемісті еңбегі мен жеке үлесі үшін берілді.

Марапат иегерлері:

                    Утельбаев Амангельды Хайраллинович

                    Камыспаев Амангали Турсынбекович

                    Щерба Сергей Николаевич

                    Сагитова Гульжан Кадыркановна

Марапаттарды Жаңасемей аудандық мәслихат төрағасы Абильмажинов Ермек Толегенович табыстады.

Аталмыш шараға сондай-ақ “Ақ жол” демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының  жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы және оның командасы қатысып, еңбек адамдарына құрмет білдірді.

“Ақ жол” демократиялық партиясы әрдайым ел дамуына, адал еңбекке және отаншылдыққа үлес қосқан азаматтарды қолдауды жалғастыра береді.