15
Мамыр

“Semey Open 2025” турнирінде тағы бір үлкен жетістік!

15 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

2025 жылы Семей қаласының әкімінің кубогына арналған дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі “Semey Open 2025” атауымен жоғары деңгейде өтті.

Аталған турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 32 фракция қатысты. Британдық Парламенттік форматта (БПФ) өткен додада үздіктердің арасынан оза шауып, “Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің төрайымы Бинур Ахатқызы финалға жолдама алып, турнирдің финалисі атанды!

Бұл — Бинур Ахатқызының шешендік шеберлігі мен терең білімінің жарқын дәлелі. Осындай белсенді және бәсекеге қабілетті жастарымыз барда болашақ жарқын болмақ!

Құттықтаймыз! Жаңа белестерге бірге!