3 наурыз 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы мен Senim балалар қауіпсіздігі мектебі
елордадағы балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері бойынша жұмыс
кездесуін өткізді.
Талқылауға Астана қаласы мәслихатының депутаты Кульмагамбетова Жанаргүл
Жұмабайқызы, Филиалдың қалалық кеңес мүшесі Күлдыбаева Әсия Едельбекқызы,
заңгер Балгужинова Денира, сондай-ақ Senim балалар қауіпсіздігі мектебінің
негізін қалаушы Смышляева Юлия қатысты.
Кездесу барысында Астанада жапондық «Кодомо 110» моделінің баламасын жүзеге
асыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру жоспары қарастырылды. Бұл
бастама балаларға арналған «қауіпсіз орындар» желісін білім беру, коммерциялық
және мемлекеттік ұйымдар базасында құруды көздейді.
Жоба балаларға қауіпті жағдай туындаған кезде жедел көмек көрсету үшін
Smart Astana және iKOMEK109 қалалық цифрлық платформаларымен интеграциялануды
қарастырады. Бастаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың төтенше жағдайларда
қолдау ала алатын қауіпсіз қалалық ортасын қалыптастыру.
Жобаны іске қосу – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы
маңызды қадам, сондай-ақ мемлекет, бизнес және қоғам күш-жігерін біріктіре
отырып, балаларды қорғау ісінде айтарлықтай үлес қосатын бастама болмақ.