19 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облысындағы филиалы
2022 жылдың 19 ақпан күні Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті.
Кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермекқалий Төлепқалиұлы Юсупов, қалалық мәслихат депутаты В.Құлмағамбетов, университет ректоры Саламат Ідірісов, партия белсенділері Ә.Төлеуішов, А.Қондыбаева және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында атыраулықтар өңірдегі өзекті мәселерлерді көтерді. Оның ішінде Жайық өзенінің жағдайы, әскери патриоттық тәрбиені күшейту, ол жөнінде арнайы заң қабылдау, Атырау қаласында бәсекеге қабілетті жоғарғы оқу орындарын ашу, сондай-ақ, ер ұстаздарды көбейту мәселесі мен 80 жыл тарихы бар университетке жаңа ғимарат салу қажеттілігі туралы проблемалар айтылды.
Мәжілісімен барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын жеткізді.
Кездесу соңында Батыс Алашорда тарихын зерделеп, жас буынға оның тәлімін үйретіп, ғылыми ізденістерге баулығаны үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Бердіғожинге «Ақ жол» партиясы атынан «Еңбегім еліме» құрмет белгісін табыстады.
Осы күні депутаты Серік Ерубаев Кеңөзек селолық округінде сайлаушылармен жүздесті. Кездесуге селолық округ әкімі Е.Өтешқалиев қатысты.
Кездесуде ауыл тұрғындары Б.Юсупова, А.Болатова, Қ.Таласов, Т.Жортабай, М.Ешимов сөз алып, қымбатшылық, субсидия, селолық округте мектеп пен балабақша салу, экологиялық жағдай, балаларға берілетін жәрдемақыны өсіру, т.б. мәселелерді айтты. Сонымен бірге сайлаушылар «қасіреті қаңтар» оқиғасына қатысты өз ойларын білдірді.