4 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Көктал ауылдық
округінің әкімі Серік Қайпулдаев 5 қазан – ұстаздар күні мерекесіне орай
ардагер ұстаздарды құттықтап, сый-сияпат жасады.
«Зейнетке шыққанша ауыл балаларына сапалы білім, саналы тәрбие берген
ардагер ұстаздар бүгінгі елге қызмет етіп жүрген мұғалімдермен бірдей құрметке
лайық. Олар барлық ерік-жігерін, күш-қуатын, білім-білігін жас ұрпаққа арнады»,
- дейді Серік Қайпулдаев.
Ауыл әкімі зейнеттегі мұғалімдерді арнайы іздеп барып, мерекелерімен
құттықтады. Гүл шоқтары мен тәттілер салынған себеттерді сыйға тартты. Ғұмырын
ағартушылыққа, халықтың сана-сезімін оятуға арнаған Алаш қайраткерлерінің
идеясын жалғаған «Ақ жол» Демпартиясы көшбасшыларының ұстаздарға қашан құрметі
жоғары екенін жеткізді.
Өз кезегінде ардагер ұстаздар да ризашылықтарын білдіріп, партия
бастамаларына сәттілік тіледі.
