15
Шілде

Серік Қайпулдаев ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша кездесу өткізді

15 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде той беріп шашылып, аста-төк ас өткізіп, ысырап қылып, қарызға батып жатқандар көп. Осы мәселені алға тартып, Көктал ауылының тұрғындары ауыл әкіміне қайырылып, имамдардан сұрауды өтінген болатын.

«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік Қайпулдаев тұрғындардың өтініші бойынша ауданнан имамдарды шақырып, мәдениет үйінде кездесу ұйымдастырды.

«Қазақ дәстүрі бойынша ас беру мәдениеті» тақырыбында өткен кездесуге ауыл қариялары көптеп жиналды. Көпшілік көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.