30
Қазан

Серік Қайпулдаев бастаған ақжолдықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына үлес қосты

30 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Көктал ауылдық округінің әкімі Серік Қайпулдаев бастаған ақжолдықтар, ауыл жастары «Таза Қазақстан» жалпұлттық экологиялық акциясына үлес қосып, ауыл маңын қоқыстан тазартты. Жастар сынған бұталарды жинап, қураған ағаштарды кесіп-өртеп, оның орнын топырақпен көміп тастады.

Жалпы ауылда күзгі тазалық айлығы жарияланған. Елді мекендегі кәсіпкерлік нысандардың иелері мен әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері апта сайын бір күнде аулалар мен көшелерде тазалық жұмыстарын өткізіп тұрады.

Айта кету керек, үш ай бұрын көкталдық белсенді жастар бастап, 6 адам партия қатарына өтуге өтініш берген. «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшелері мен депутаттар ауылға арнайы барып, өтініш иелеріне партиялық билеттерін табыстаған болатын.