26 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал ауылдық
округінің әкімі Серік Қайпулдаев «Мектепке жол» республикалық акциясы
шеңберінде әлеуметтік осал топтағы екі отбасына 30 мың теңгеден қаржылай көмек
көрсетті.
Ауылдық округте тұрғындардың әлеуметтік картасы жасалған. Атап айтсақ,
көпбалалы, жалғызілікті ата-аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін
отбасылар тізімі жасақталған. Ауылдық округ әкімі өзі бастап, азаматтарды
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде қолдау көрсетуге шақыруда.
