12
Мамыр

Серік Қайпулдаев сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында “Есіктен - есікке” акциясын өткізді

12 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Байзақ ауданы, Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауына «Ақ жол» партиясынан түсіп жатқан Серік Қайпулдаев Көктал ауылында тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында “Есіктен - есікке” акциясын өткізді.

Партия атынан өз кандидатурасын ұсынған үміткер тұрғындарға «Ұлттық тәуелсіздік – басты құндылық» атты сайлауалды бағдарламасы жазылған буклеттерді таратты. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

18 мамыр күні өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында партияласымызға сәттілік тілейміз!