14 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік
Қайпулдаевтың бастамасымен 14 наурыз – Көрісу күніне орай, ауыл әкімдігінің
қызметкерлері, ардагерлер, жастар ауылдың жасы үлкен қарияларына арнайы іздеп
барып-көрісіп, мерекемен құттықтады.
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі). Бұл күні халық бір-бірімен
көрісіп, амандасып, ақжарма тілектерін арнайды. Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсететін, ренішті ұмыттырып, адамдарды жақындастыратын дәстүр.
Ұлттық киімдеріміздің айшықтарын насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсеткен топ, ауылдағы әр мекемеге де атбасын бұрып, дәстүрімізді жаңғыртты.