15
Наурыз

Серік Қайпулдаевтың бастамасымен елді мекенде сенбілік өткізілді

15 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік Қайпулдаевтың бастамасымен елді мекенде сенбілік өткізілді.

Көктал ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бастап, елді мекендегі барлық мекеме қызметкерлері көше тазалауға шықты. Қыстай жиналып қалған қоқыстар шығарылды.

Жамбыл өңірі республика бойынша өткен жылы бастау алған «Таза Қазақстан» акциясын биыл да жалғастыруда. Акция шеңберінде қала, аудан, ауыл аумақтарында ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Сондай-ақ наурыз айынан бастап облысты екі айлық абаттандыру жұмыстары басталатыны белгілі.