17 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік
Қайпулдаевтың ұйытқы болуымен елді мекенде Наурызнама онкүндігіне арналған
іс-шаралар өтуде.
Көктал ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен ауыл жастары 17 наурыз
– Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мәдени-көпшілік іс-шаралар
ұйымдастырды.
Сондай-ақ «Шаңырақ» күнінде бір әулеттің берекесіне айналған ақ жаулықты
аналарға барып, сый-құрмет көрсетілді.