29
Қазан

Серік Қайпулдаевтың бастамасымен патриоттық акция өткізілді

29 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Көктал ауылдық округінде Республика күніне орай «Менің туым» атты патриоттық акция ұйымдастырылды.

«Ақ жол» партиясынан сайланған ауыл әкімі Серік Қайпулдаевтың бастамасымен аға буын жас жеткіншектерге ту сыйлап, Мемлекеттік рәміздердің айрықша белгілері туралы айтып берді.

Өз кезегінде жасөспірімдер Мемлекеттік рәміздер туралы жыр оқып, ән шырқады.