25 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Ауыл тұрғындарына құқықтық кеңес берілді.
«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік
Қайпулдаевтың ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» тақырыбында
кездесу өтті.
Кездесуге арнайы құқық қорғау органының өкілі шақырылып, қоғамдық тәртіп
және Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекс талаптары түсіндірілді.
Жалпы іс-шара ауыл азаматтарына құқықтық кеңес беру үшін ұйымдастырылғанын
айта кету керек.