26 мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының шешімімен Серік Ерубаев партия төрағасының орынбасары болып сайланды.
Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Белгілі кәсіпкер. «Ақ жол» партиясынан VII шақырылымда сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Депутаттық қызметі кезінде аймақтардағы өткір мәселелерді Парламент мінберінен көтеріп, нәтижелі жұмыстар атқарды.