10 қаңтар 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
«Ақ жол» демпартиясының Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ақтау қаласына жұмыс
сапарымен келді.
Іс-сапар барысында қаладағы “Каскор-Машзавод” ЖШС-нің мұнай кәсіпшілігі мен химиялық жабдық шығаратын өндіріс цехтарын аралады.
Зауытты араламас бұрын, техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Мұнан соң цехтардың өнім шығару қуаттылығымен, оның мүмкіндіктерімен және технологиялық процестерімен танысты.
Айта кетейік, «Каскор-Машзавод» ЖШС ҚР-дағы жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт әртүрлі күрделі техникалық жұмыстарды жүзеге асыратын заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зауыт облыстың, республикалық және халықаралық ауқымда мұнай-газ кәсіпорындарының тіршілігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын басшылығы алдағы жаспарларымен таныстыру барысында компаниялармен іскерлік және достықты байланыстыра отырып, өзара тиімді серіктестікті дамытуға және ұлттық экономиканы нығайтуға қызмет ететіндерін айтты.
Кездесу соңында зауыт қызметкерлері өздері өндіретін (муфта штанговая)
өнімге «депутаттың аты-жөнін, бүгінгі дата және мекеме атауын» ойып жазып,
естелік сыйлық табыстады.