2 шілде 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев
Атырау қаласына қарасты Дамбы селолық округінде болып, «АқЖайық – Каспий
облысаралық бассейндік балық шаруашылығы
инспекциясы» РММ Дамбы балық инспекциясы бөлімінде маңызды кездесу өткізді. Ол алдымен «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерватының
жұмысымен танысты. Резерватты жергілікті атқарушы органға беру туралы ұсыныс
кездесуде кеңінен талқыланды. Кездесуге табиғатты қорғау мен су ресурстарын
басқару саласының өкілдері – балық қорғау және су жолдары инспекциялары
қатысты. Негізгі мәселе Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр тұсындағы
экологиялық және құқықтық мәселелер болды. Олардың өткір қойған резерватта және
балық қорғау инспекциясында кадр және
техника тапшылығы қатты сезілді. Браконьерлікпен айналысу заңдарына өзгерістер
енгізу туралы ұсыныс білдірілді, себебі қазір браконьерлер замануи, қуатты
техникалар қолданады,ал ресми органдар бұл жағдайда артта қалып отырғанын
жеткізді. Сондай ақ браконьерлер қуаты
мықты моторлы қайықтарды заңсыз пайдаланатынын
және олар мемлекеттік тіркеуден өтпегенін айтты. Осыған байланысты ағаш қайықтарды белгілі стандартқа сай жасау
мен тіркеуді заңдастыру қажеттігі мен
болашақта қайықтарды порталға
салу ережесіне де өзгерістер қажет екені айтылды. Жиында көтерілген мәселелер
Мәжілістің тиісті комитеттерінде қаралып, нақты заңнамалық шешімдер қабылданатын болады. Кездесу соңында
депутат өрт кезінде қайсарлық мен қажырлық танытқан «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерватының
инспекторларына партияның «Еңбегім
еліме» төсбелгісін табыстады. Бұдан кейін
«АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерваты
кеңсесінде де болып, ондағы өрт карталары, техникалық жабдықталу мәселелерін
тыңдап, алдағы атқарылатын жұмыстарына
сәттілік тіледі.


