05
Қантар

Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапармен келді

5 қаңтар 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

 «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысы Құрманғазы ауданында іс-сапармен болды.

Іс-сапар барысында депутат алдымен аудан әкімі А.Жанғалиевпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және даму жоспарларымен танысты. Әкімдік өкілдері аудандағы жаңалықтар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат беріп, өзекті мәселелерді талқылады.

Депутаттың тұрғындармен кездесуі барысында сайлаушылар көкейкесті мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды. Ең өзекті мәселелердің қатарында:

  • Жол сапасын жақсарту;
  • Жеке үй тұрғызу үшін арнайы карьер ашу;
  • Ауыл инфрақұрылымын жетілдіру (аялдама мен әжетхана салу);
  • Бағаны тұрақтандыру және қымбатшылықпен күрес;
  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және несие бөлу мәселелері;
  • Жұмыссыздықты жою және жастарды жұмыспен қамту шаралары аталды.

Түстен кейін депутат Орлы селолық округінде тұрғындармен тағы бір кездесу өткізіп, өзінің атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл кездесуде ауылішілік 10 шақырым жол салу, трасса бойына аялдама мен әжетхана орнату мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, депутат тұрғындардың басқа да ұсыныс-тілектерін тыңдап, олардың тиісті мекемелерге жеткізілетінін атап өтті.

Сайлаушылармен кездесулер аяқталған соң, Серік Ерубаев жеке қабылдау өткізіп, әр азаматтың өтінішіне назар аударды.

Депутаттың Құрманғазы ауданындағы іс-сапары барысында көтерілген мәселелер партияның бақылауында болып, тиісті органдарға жеткізілетін болады.