08
Шілде

Серік Ерубаев Қазақстан мен Ресей шекарасында болды

8 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев іссапармен Батыс Қазақстан облысы, Казталов – Фомин өткізу бекеті маңындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара аумағына барып, ондағы қоршау мәселесімен танысты.

Аталған аумақта шекараның бірқатар бөліктері әлі күнге дейін қоршалмаған. Соның салдарынан ауыл тұрғындарының малы көрші елдің аумағына өтіп кетіп жатыр. Малдың ізім-ғайым жоғалуы, оны іздеп табудың қиындығы – халық үшін күнделікті қиындыққа айналған. Бұл тек материалдық емес, моральдық шығынға да алып келуде.

Ең өкініштісі — бұл мәселені шешуге әзірге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген. Соған қарамастан, жергілікті шаруа қожалықтары өз қаражаттарына шекара маңын қоршауға дайын екенін білдіруде. Алайда бұл — тек шаруалардың мойнына артылатын жүк емес, бұл — мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс мәселе.

Бұл мәселе Үкіметтің назарында болып, қоршалмаған шекара бөліктерін толықтай қоршау және малдың заңсыз өтіп кетуін болдырмау – барша ұжымның бірлескен маңызды міндеті болып табылады.