8 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының
мүшесі Ерубаев Серік Сәрсенұлы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келіп,
Ақжайық ауданының кәсіпкерлерімен және тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан халқы мен бизнес өкілдері жергілікті деңгейдегі
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, балабақшаларға
берілетін мемлекеттік субсидияларды бөлу тәртібі мен оның жеткіліксіздігі
туралы сұрақтар қойылды. Жеке балабақша иелері қолдау тетіктерін нақтылауға
қатысты ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, «Балалар әлемі» супермаркетінің иесі салық саясатына қатысты
мәселелерді көтеріп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін
жүктемені азайту жөнінде сұрақ қойды. Бизнес иелері бақылау-қадағалау органдары
тарапынан болатын кейбір әкімшілік кедергілерге де тоқталды.
Серік Сәрсенұлы кездесуде көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша тиісті
мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілетінін атап өтіп, заңнамалық деңгейде
қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Қатысушылар өзекті мәселелерін ашық айтып, нақты ұсыныстарын білдірді.
Сапар қорытындысында Мәжіліс депутаты көтерілген сұрақтардың барлығы
назарға алынатынын және депутаттық бақылауда болатынын айтты.





