08
Шілде

Серік Ерубаев Қазталов ауданына жұмыс сапарымен барды

8 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы Ерубаев Қазталов ауданына жұмыс сапары барысында «Сакрыл» каналында орналасқан балық өсіру шаруашылығына барып, жеке кәсіпкер Сартаев Әлібектің кәсібімен танысты.

Кәсіпкер каналдың әлеуеті жоғары екенін, алайда бірнеше жүйелі мәселе балық шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

- Ресейден келетін судың молдығына қарамастан, ауданда арнайы су қоймасы жоқ. Соның салдарынан су тікелей төменге ағып кетіп, еш пайда әкелмей жерге сіңіп кетуде. Бұл — ресурстық және қаржылық шығын.

- Балық өсіру мен өңдеу цехы да осы су тапшылығынан толық қуатта жұмыс істей алмай отыр. «Су бар — мүмкіндік бар. Бірақ инфрақұрылым жоқ» деген нақты мысал келтірілді.

- Сонымен қатар, қоғамдық тыңдау (общественные слушания)рәсімдерінің тым формалды екені айтылды. Кәсіпкерлер бұл процестің шын мәнінде даму емес, керісінше кедергі келтіретін механизмге айналғанын жеткізді.

Осыған байланысты шаруалар қоғамдық тыңдауды алып тастауды, не болмаса қайта қарауды ұсынды. Өйткені ол нақты іске кері әсерін тигізіп отыр.

Депутат Серік Ерубаев бұл мәселелерді толық тыңдап, бұл өңірлік экономика үшін маңызды бағыт екенін ерекше атап өтті.